Солтүстік Корея сағат тілін 30 минутқа алға жылжытады. Сөйтіп Пхеньян мен Сеул бір сағаттық белдеуде болмақ. Бұл — екі ел қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған алғашқы шаралардың бірі. Бұған дейін Оңтүстік Корея мен Корей Халық Демократиялық Республикасы шекарадағы дауыс зорайтқыштардың жұмысын толығымен тоқтатқан еді. Бұл құрылғылардан олар бір-бірінің саясатына қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келді. Айта кетейік, Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин 27 сәуірде 3 корейаралық саммитті өткізген болатын. Олар ортақ декларацияға қол қойып, Корей түбегін ядролық қарудан толықтай арылтуға уағдаласты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз