Жақсының аты өлмейді. Бүгін Талдықорғандағы журналистер үйіне белгілі тележурналист, халқының аяулы перзенті Бейсен Құранбектің есімі берілді. Салынуына өзі үйытқы болған ғимараттың маңдайшасына «Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйі» деген жазу ілінді. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ел Парламентінен бірқатар депутаттар, Бақ өкілдері мен марқұмның етжақындары қатысты.