2 миллионнан аса  сәбидің өміріне араша болған австралиялық донор Джеймс Харрисон демалысқа кетті. Ең белсенді донор аталған ол 63 жыл бойы қан тапсырып келген. Оның қанында маңызды антидене бар. Бұл  қан резус  факторы  анасына ұқсамайтын науқас нәрестелердің өмірін аман алып қалу үшін қажет екен.  Харрисон  81 жасқа дейін 1723  рет қан өткізген.  Осыған орай, Харрисон Гиннестің рекордтар кітабына кірді. Бұдан бөлек, ел билігі  оны  Австралия орденімен марапаттады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз