Қытайда «Айда өмір сүру» тәжірибесі сәтті аяқталды. Оған ерікті 8 студент қатысқан.  Бір жыл бойы қатысушылар жабық кеңістікте өмір сүрген.  Оларға қажетті заттардың тек 2 пайызы ғана сырттан әкелінген.  Сондай-ақ, кешен ішінде олар спортпен айналысып, тіптен көкөністің 35 түрін өсірген екен. Жобаға қатысушыларға күнделік жүргізу талап етілген. Тәжірибе барысында алынған ақпараттар болашақта ғарышты игеруге қолданылмақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз