Алматы-Астана тас жолында жолаушылар мінген автобус өртеніп кетті. Оқиға Іле ауданына қарасты Чапай ауылының маңында болған. Бұл туралы облыстық ТЖД мәлімдеді. Ресми мәліметке сүйенсек, Жезқазғаннан Алматыға бағыт алған автобуста 8 жолаушы болған. Олар жалынға оранған көліктен өз күштерімен шығып үлгерген. Яғни, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары көлік өртену оқиғалары жиілеген. Мәселен, өткен жылы 268 жағдай болса,  биылдың өзінде 83 дерек тіркеліп отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз