Талдықорғандық байкерлер мемлекеттік рәміздерге құрмет ретінде мотошеру өткізді.  «Жетісу» мотоклубының 50 мүшесі алдымен «Жастар» саябағында бас қосты. Көк Ту, Елтаңба, Гимнның қадір-қасиетін сөз етті. Мемлекеттік рәміздердің ел беделі екенін, құрмет таныту әр адамның парызы екенін айтты. Осы жерде өнерпаздар ән салып, байкерлердің бастамасына қолдау білдірді. Сонымен қатар бұл шара Астананың 20 жылдығына да арналды. Қос дөңгелекті темір тұлпар тізгіндегендер көк байрақты желбіретіп қала көшелерін аралап шықты. Осылайша мотоклубтың кезекті маусымы ашылды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз