Елбасының  төрағалығымен Нұр Отан партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.  Басқосуда партияның жаңғыруы мен 5  әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Жиында сөз алғандар  биыл елімізде «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында 1000-нан аса «Айти мамандарын дайындайтын орталық ашу жоспарланғанын айтты. Оның 21-і Алматы облысына тиесілі. Онда алдымен мұғалімдерді кейін оқушыларды оқыту көзделген.  Бұдан бөлек, Елбасы жастардың білім алуы, халыққа көрсетілетін қызметтердің барлығы электронды түрде болуы керектігін айтты. Бұл уақыт талабы —  екенін еске салды. Әрі шағын және орта бизнесті  дамытуды тапсырды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз