Талдықорғанда қазақтың ұлттық ойын түрлерінен «Алтын сақа» облыстық спартакиадасы өтті. Оған Жетісу өңірінің аудан қалаларынан 150-ге жуық адам келіп қатысты. Айта кетейік, қыздар 5 тас сайысында мықтыларын анықтаса, ер балалар асық ату мен ләңгі тебуден шеберік байқасты. Турнир барысында Алакөл, Райымбек және Балқаш ауданының құрама командалары үздік өнерімен көзге түсті. Енді іріктелген ойыншылар облыс құрамасын жасақтап, маусым айының аяғында Қызылордада өтетін республикалық спартакиадада өңір намысын қорғайды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз