Биыл елімізде менингитті жұқтырған 58 науқас тіркелген. Оның 12-сі көз жұмды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Ол бүгін Астанадағы  орталық коммуникациялар қызметінде журналистер қауымының барлық сұрақтарына жауап беріп, қазақстандықтарды әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға сеніп, даурықпауға шақырды. Өйткені, әзірге елге келетін қауіп жоқ. Төтенше жағдай жариялауға әлі ерте дейді. Бұдан бөлек, менингитке қарсы вакцина алудың қажеті жоқ екенін айтты. Мәселен, бұл ауру ауа тепературасы жоғарылағанда жоғалады деп отыр.

 

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз