Украинада  ерекше саябақ ашылды. Ол «Жемқорлық бағы» деп аталады. Бұл жобаның мақсаты — елдегі жемқорлықты жоюға бағытталған. Саябаққа келушілер пара алған адамның мазасыз күйін интерактивтік шатыр арқылы бақылай алады. Бір қызығы, мұнда кез-келген адам виртуалды баскиім мен қолғап киіп, парақор адамның бөлмесін аралап көреді. Әрі айғақ заттарды табу арқылы күдіктіні тұтқындай алады. Осылайша, идея авторлары «Жемқорлық бағы» жобасымен қоғамды жайлаған дерттің алдын алуға септеспек.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз