«Жетісу» газетінің 100 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды. Осыдан бірер ай бұрын жарияланған «Ғасыр-ғұмыр» атты өлең бәсекесіне 150-ге жуық ақын қатысуға ниет танытқан. Туындыларды Ғалым Жайлыбай бастаған қаламгерлер сарапқа салды. Қазылар іріктей келе 14 ақынның өлеңін үздік деп бағалады. Ал оның ішінде «Жетісу» газетінің тілшісі Асыл Сұлтанғазыны бас жүлдеге лайық деп тапты. Жас ақын 700 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Жүзден жүйрік шыққан өзге де ақындар ақшалай сыйлыққа ие болды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз