Ұлттық банк төрағасы қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтармен бөлісті. Данияр Ақышевтың айтуынша инфляция қарқыны айтарлықтай баяулаған. Мәселен, соңғы бес айда ол 2,4 пайызды құрапты. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда көп төмен. Сонымен қатар бас банкир инфляция былтырғы жылдың соңындағы 7,1 пайызбен салыстырғанда мамырда 6,2 пайызға дейін төмендегенін атап өтті. Соның арқасында базалық мөлшерлеме жыл басынан бері төрт рет төмендетілген. Осылайша қаржы нарығындағы қазіргі жағдай Ұлттық банктің әу бастағы болжамына толықтай сәйкес келіп отыр. Ақышев теңге бағамына да тоқталды. Валютамыз жылдың басынан бері 0,4 пайызға шамалы әлсіреген. Соған қарамастан жағдай тұрақты дейді,- ұлттық банк басшысы. Айта кетсек, бүгінгі қор биржасындағы түстен кейінгі сауда да ұлттық ақшамыздың долларға қатысты бағамы 334,50 теңгені құрады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз