Өткен аптада елді үрейлендірген менингококк дертінің беті қайтқан секілді. Соңғы 5 күнде облыс бойынша жаңадан ешбір науқас тіркелмеген. Жұқпалы кеселге шалдығып, ауруханаға түскен бес адамның біреуі Есік қаласындағы ауруханада жатса, қалған төртеуі Талдықорғанда. Дәрігерлердің дерегіне қарағанда науқастар біртіндеп сауығып келеді. Жағдай 5-6 күн бұрынғымен салыстырғанда біршама тұрақталған. Қазір қауіпті кеселге шалдыққан 4 адамның жағдайы қатаң бақылауда. Айта кетсек, Алматы облысында жыл басынан бері бұл дертті 14 адам жұқтырған. Оның 4-еуі көз жұмды. Ішінде 3 жастағы бүлдіршін мен колледж студенті де бар.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз