Алматы облысында «SUNRISE AWORDS» жас тілшілер байқауы жарияланды. Сайысқа 14 пен 29 жас арасындағы газет, телеарна тілшілері мен баспасөз хатшысы қатыса алады. БАҚ өкілдері арасындағы бұл бәсекеде үміткерлердің «Білімнің салтанат құруы», «Ел жүрегі Астана» сынды 7 номинация бойынша жұмыстары қарастырылады. Басты талап — ұсынылған материал 1 маусымға дейін жарыққа шыққан болу қажет. Шығармалар маусымның жиырма бесіне дейін қабылданады. Ал, қорытындысы тілшілер қауымының кәсіби мерекесінде шығарылмақ. Айта кетсек, жас журналистер премиясын облыстық ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметі осымен екінші мәрте ұйымдастырып отыр.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз