Талдықорғандағы екі қылмыстың біреуіне бұрын сотталған азаматтардың қатысы бар. Биыл 13 қылмыстық іс тіркелсе соның тең жартысы әлгіндей кісілердің қолымен жасалған. Құқық қорғау мамандарының айтуынша, олардың қайта қылмысқа баруына жұмыссыздық себеп болып отыр. Сондықтан қалалық прокуратура, жастарға қызмет көрсету орталығы мен ІІБ бірлесіп, түрмеден шыққандар үшін жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз