Бүгін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні. Барша әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс, отбастарыңызға амандық тілейміз. Ал бұл жолғы мейрамның «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттері үшін жөні бөлек. Қос басылымның шыға бастағанына биыл 100 жыл. Наурыз айынан бастап тойланып келе жатқан ғасырлық тойдың қорытындысы «Жастар» саябағында өтті. Салтанатты кеште қос ұжымға ерекше құрмет көрсетілді. 30-дан аса журналист түрлі марапатқа ие болды. Мерейтойға орай Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 6 тілшіге пәтер кіліттерін табыстады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз