«Жетісу» арнасы ұсынады. Елорданың өсіп-өркендеуіне еңбегі сіңген жетісулық 10 тұлға жайлы фильмдер топтамасы көрермендерге жол тартты. Бұл -«Жетісудан шыққан тұлғалар» жобасының жалғасы. Осыған дейін шығармашылық топ Астананың дамуына әр сала бойыша үлес қосқан, бүгінде бас қаланың тұрғынына айналған 10 танымал азамат туралы фильм әзірлеген болатын. Ал бұл жолғы кейіпкерлер Сарыарқа даласындағы әсем шаһарда қызмет еткен, қазір Алматы мен Талдықорғанда тұрады. Қатарында Уәлихан Қалижанұлы, Нұртілеу Иманғалиұлы, Шәмшә Көпбайқызы және Өмірғали Кенжебектер бар. Фильмде олар Елордада еңбек еткен жылдарын еске алып, сол кездердегі қиындықтарды баяндайды. Қала туралы ойларын, жүрекжарды пікірлерін бүкпесіз әңгімелейді. Осылайша Алматы облысы әкімдігі қолдау көрсеткен, «Жетісу» арнасы қолға алған бастама «20 жылдыққа 20 тұлға» боп аталды. Астананың 20 жылдығына арналған туындының алғашқы бөліміне әріптесіміз Сәния Байтарова редакторлық етті. Соңғы 10 адамды іздеп тауып, сұхбат құрған Елназ Қапарова. Жобаның сәтті шығуына режиссерлер Жанар Рахипова мен Шалқар Құсайынов та ерекше атсалысты.Телетуындыны арнамыздың YouTube желісіндегі парақшасынан көріп тамашалай аласыздар.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз