Брюсельдің іргесіндегі Эксель қаласында төбесінде фермасы бар супермаркет жұмыс жасап жатыр . Оның басшылығы сатып алушыларға ең балғын жеміс жидектер мен көкөністерді ұсынуда. Жеке өз өнімдерін шығарып, оған «қалалық ферма» деген ат қойған. Сатып алушылар үшін бұл сапа белгісіндей. Өйткені, олар өнімдердің дәл осы жерде экологиялық таза күйде өсірілетінін біледі. Бұл жерде барлық өнім жаңбырдың сүзілген суымен суарылады. Сонымен қатар күн панелінен алынатын энергиямен қуаттандырылады. Ферма өзінің алғашқы жемісін былтыр қазан айында берген. Қазіргі кезде супермаркеттің тәжірбиесін өзге де Бельгия дүкендері пайдалана бастады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз