Бүгін Талдықорғандық ер азамат өзінің ұлын өртеп жібермек болған. Облыстық ішкі істер департаменті мамандарының мәліметінше оқиға қаладағы төртінші ықшам ауданда тіркелген. Отбасындағы жанжалдан кейін отағасы ұлын кепілге алған. Көршілері пәтердегі қатты айқай шуды естіп, полицейлерге хабарлады.Тәртіп сақшылары тұтқындағы баланы босату мақсатында оқиға орнына жеткенде әкесі ұлын өртеп жіберетінін айтқан. Құзырлы орган өкілдері келіссөз жүргізіп, баланы құтқарды. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз