Хан тәңіріне саяхат. Қазақстандағы ең биік шыңға медия экспедиция ұйымдастырылды. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен Жетісу географиялық қауымдастығы қолға алған жобаға актер Әнуар Нұрпейісов пен Айсұлу Әзімбаева қатысады. Олар Хан Тәңірі шыңын 3 аптада бағындырмақшы. Топтың құрамында сондай-ақ экспедицияны бейнеге түсіріп жүретін оператор мен Жетісу геграфиялық қауымдастығының өкілі болады. Саяхатшылар маңызды сапарға қантар айынан бері дайындалып жатыр.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз