Қыркүйек айыннан бастап елімізде тағы үш жол ақылы болмақ. Күзде Алматы-Қорғас, Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай тас жолдарында төлем жүйесі орнатылады. Бұл туралы бүгін «Қазавтожол» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының ресми өкілі мәлімдеді. Талдықорғанда арнайы жиын өткізіп, жаңа жүйенің жүзеге асырылу жолдарын айтып берді. Ол бойынша осы республикаллық маңызы бар жолдарда қатынау жеңіл көліктерге шақырымына 1 теңге. Ал, жүк көліктері мен өзге қозғалыс құралдарына 5теңгеден бастап төленеді. Айта кетсек, қазіргі таңда облысқа тиесілі қос күре жолдың аумағы «Алматы — Қапшағай» 56 шақырым болса, «Алматы — Қорғас» 304 шақырым.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз