Екі күнде 6 адам суға батып кетті. Қайғылы оқиға шілденің 15-і күні Қапшағай су қоймасында болған. Облыстық ТЖД-нің ресми өкілінің мәліметінше жексенбі күні Қапшағайда аяқ астынан жел күшейіп, толқын көтерілген. Сол себепті жүзу құралдарымен жағадан алыстап кеткен демалушыларды шұғыл түрде эвакуациялауға тура келді, — дейді жауаптылар. Барлығы 50-ден аса адам құтқарылған. Оның 9-ы адасып қалған балалар. Ал 12 адам алғашқы медициналық көмектің арқасында аман қалған.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз