Су астына көкөніс өсірген италиялық жұртты таңқалдырды. Ол Генуя маңындағы теңізде көкөністермен қатар емдік шипасы бар түрлі шөптерді де өсіреді екен. Бақша 8 метр тереңдікте орналасқан. Өсімдіктерді бағбандар арнайы қондырғылармен күтіп баптайды. Су астындағы бақшаға әлем ғалымдары да қызығушылық танытып жатыр. Себебі, олардың болжауынша алдағы 30 жылда әлем халқының саны 10 миллиардқа жетуі мүмкін. Ал бұл жылыжай халықты азықпен қамтамассыз етуге арналған жақсы жоба болмақ.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз