Елбасы 19 ақпанда латын қарпінің жаңа нұсқасын бекіткен болатын. Қазіргі таңда Жетісу жерінде жаңа əліпбиді халық арасында насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанынан құрылған арнайы топ Алакөл ауданында болды. «Жаңа жазу — жаңа белес» атты дөңгелек үстел өткізіп, аймақтағы ұстаздар қауымымен кездесті. Тіл мамандары алфавиттің алғышарттары мен оны үйренудің маңыздылығына тоқталды. Жаңа əліпбиге көшуде 4 кезеңде атқарылар жұмыстарды таныстырды. Жоба жоспар бойынша алғашқы кезең дайындық. Яғни, мектеп, балабақша білім беру орындарында бірте-бірте үйрету. Екіншісі — азаматтардың төлқұжатын ауыстыру. Құжат қағаздарды толықтай өзгертіп қолданысқа еңгізу. Жəне соңғысы 2025 жылы латын əліпбиіне толықтай көшу. Жиында жұмыс тобы аталған бағыттағы шараларды жандандыру керектігін айтты.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз