Жапондықтар аптап ыстықтан қорғайтын желдеткіші бар киім ойлап тапты. Енді ыстық күнде онымен далаға еш алаңдамай шығуға болады. Себебі желдеткіш ауаны сыртқа үрлеп, адамның денесін салқындатып тұрады. Айта кетсек, Жапонияда соңғы апталардағы аптап ыстықтан қаза тапқандардың саны 14-ке жетті. Мыңдаған тұрғын дәрігерлік көмекке жүгінген. Сонымен қатар тағы бір компания жолдың бетін салқындататын арнайы жамылғы материалды ұсынды. Оның ерекшелігі, ультра-күлгін сәуле мен жылуды дарытпай, жолдың бетіндегі температураны 10-15 градусқа дейін төмендете алады. Компания өкілдері оны 2020 жылы Токиода өтетін олимпиада кезінде қолдануға болады дейді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз