Алматы облысында алдағы уақытта 7 бірдей ірі деңгейдегі әлеуметтік нысан салынбақ. Оның барлығы мемлекет пен жекеменшік әріптестігі арқылы жүзеге аспақ. Осыған байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар бүгін облыс әкімі Амандық Баталов пен жоба инвесторларының кездесуінде талқыланды. Облыс басшысының айтуынша, жаңа ғимараттың екеуі Талдықорғанда болады. Яғни, спортшылар үшін жеңіл атлетика сарайы және олимпиадалық жабық бассейин салынбақ. Сонымен қатар, Райымбек ауданындағы емдеу-сауықтыру орталығы, Қарасай ауданындағы 1200 орынға арналған мектеп пен Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылындағы емхананың сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Тағы екі жоба — Қапшағайға жоспарланған. Мұны «Элит Строй», «БиАй Урбан Констракшн» және «Базис» сияқты танымал құрылыс компаниялары іске асыратын болады.Жалпы бұл компаниялар бүгінге дейін облыс аумағында біраз жобаны сәтті атқарған. Бір ғана мысал, олардың қолдауымен 300-ден аса балабақша салынған. Қазір облыста мектепке дейінгі балаларды оқумен қамту көрсеткіші — 98 пайызға жетті.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз