Жаздың соңғы айына да аяқ бастық. Қазір эпидемиологиялық маусым жүріп жатыр. Осы кездегі ең қауіпті дерт — жіті ішек инфекциясы. Өңірде соңғы алты айдың ішінде осы сырқатпен 353 адам ауырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен дейді мамандар. Осыған орай облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті арнайы акция ұйымдастырды. Шаһардағы халық көп жүретін сауда орындарында болып, тұрғындарға кеселдің алдын алу жолдарын түсіндірді. Яғни, күнделікті тұтынар тағамдар мен көкөніс, жеміс-жидектің тазалығына мұқият болуға шақырды. Айта кетсек қазіргі таңда бақша өнімдері, қауын қарбыздың саудасы қызып тұр. Мамандар сол өнімдерді тұтынарда барынша сақтануды ескертеді. Өткен жылы облыста 1000-нан аса адам піспеген бақша өнімдерін тұтынамын деп ұшынып қалған.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз