Елімізде осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқау алты аталым бойынша өткізілмек. Сайыстың биылғы басты ерекшелігі үміткер өзін-өзі ұсына алмайды. Яғни, оны белгілі бір мекеме, ұйым немесе аймақ атынан додаға түседі. Бүгін облыстық комиссия өңірдің 17 ауданы мен 3 қаласынан келген қатысушыларды қабылдады. Сарапшылар азаматтардың өз саласындағы жеткен жетістіктері, ел үшін атқарған еселі еңбектері мен жұмыстарын қарайды. Айта кетсек, байқаудың облыстық кезеңінен өткен үміткерлер қазан айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз