Өңірде тіл мәртебесін асыратын тіл айлығы жалғасып жатыр. Аясында Талдықорғанда «Тіл-татулық тірегі» атты жиын өтті. Басқосуда Жетісулық әдебиет және мәдениет саласының өкілдері ана тіліміздің тарихы мен бүгінгі жәй-күйіне тоқталды. Өз кезегінде сөз алған Мемлекет және қоғам қайраткері Асылы Осман «Біз Қазақстанда өмір сүріп жатқандықтан, сол ұлттың тілін, яғни, оның қолдану аясын кеңейту керек»- деді. Өйткені, ұлт пен ұлысты ұйыстырушы негізгі күші ол — тіл. Сондықтан, мәңгілік елдің болашағы өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру — басты мақсат. Айта кетсек, шараны өткізуге Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен Облыстық Ассамблея ұйытқы болған. Осы орайда, қос мекеме өкілдері айлық аясындағы жұмыстарды атқаруда белсенділік танытқандарды арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз