Аптап ыстық Қытайға да қауіп төндіріп тұр. Ғалымдар пікірінше, Ғасыр соңына қарай Қытайдың солтүстік бөлігіндегі халық жаппай қырылуы мүмкін. Жаһандық жылыну салдарынан аспан асты елінің халқы тығыз қоныстанған және ауыл шаруашылығы дамыған ауданы адам өмірі үшін Жер бетіндегі ең қауіпті орынға айналады. Массачусетс технология институтының ғалымдары дені сау адам 35 градус пен жоғары ылғалдылық кезінде ашық аспан астында алты сағаттан кейін көз жұмады дейді. Ал алқаптары үнемі суарылып отыратын Солтүстік Қытай жазығында сулану процесі қатты жүреді. Мұндай ылғалдылық жоғары температурамен қосылып, өңірдегі фермерлер үшін өте қауіпті болмақ.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз