Алматы облысында жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы 50-ге жуық қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. Осындай бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу мақсатында Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен Талдықорғанда кезекті жиын өтті. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының құқықтық негіздері мен алдын-алу шаралары кеңінен талқыланды. Мамандардың айтуынша, жемқорлық деректерінің дер кезінде ашылуының арқасында қазынаға 97 млн теңге қайтарылған. Сонымен қатар, өңірде кәсіпкерлер құқының қорғалуына үлкен басымдық беріліп отырғаны да айтылды. Соның нәтижесінде кәсіпкерлік нысандарының жұмысына заңсыз араласу бойынша 6 дерек тіркеліп, 1 лауазымды қызметкер сотпен жауапкершілікке тартылды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз