Алматы облысындағы Олимпиадалық спорт түрлерінің даму деңгейі қалай?. Оның өркендеуіне не кедергі? Осы мәселе Талдықорғанда өткен кеңейтілген кеңесте талқыланды. Оған өңірдегі спорт мамандары мен еліміздің ұлттық Олимпиада комитеті өкілдері қатысты. Бүгінде облыста 3 жарым мыңға жуық спорт құрылымы жұмыс істейді. 31 мыңнан аса адам спорттпен тұрақты шұғылданады. Биыл олардың 1-уі еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері атанса, 20-ға жуығы халықаралық дәрежедегі спорт шебері дәрежесіне көтерілді. Бұл көрсеткішті Ұлттық олимпиада комитетіне қарасты спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов жоғары бағалады. Сонымен қатар клубтық, командалық ойындардан да Жетісу өңірі үздік екендігін тілге тиек етті. Жиын барысында спорттық дәрігерлердің қажеттіліктері айтылып, стадиондардың ақылы қызмет көрсетуі де сөз болды. Елсияр Қанағатов бірқатар қозғалған мәселелерді республикалық деңгейде шешіп беруге уәде етті.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз