Жетісу жерінде ауыл шаруашылығы нарығын дамыту мақсатында жаңа сайт іске қосылды. «Малбазар.су» сайты тұрғындарға үйде отырып-ақ сауда жасауға мүмкіндік береді. Шаруа иесі күн ұзаққа базарда тұрмай, шығынға батпай төрт түлігін тегін сата алады. Бүгін интернет қосымшасының әкімшілері өңірлік коммуникациялар алаңында баспасөз мәслихатын өткізді. Жаңа жүйенің тиімді жолдарын түсіндірді. Айта кетсек, мұндай сайт жұмысы облыста алғаш рет қолға алынып отыр. Ол сатушылар мен кез келген өңіріндегі тұтынушыларды делдалсыз тікелей байланыстырады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз