1- тамыздағы жағдай бойынша еліміздің халықаралық резервтері — 87,7 млрд АҚШ доллары көлемінде. Оның ішінде Ұлттық қордың активтері — 56,8 млрд, валюталық резервтері — 30,9 млрд доллар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. Премьер-Министр алдында есеп берген ол жыл басынан инфляция 2,7 пайызды ғана құрады деп атап өтті. Экономиканың сан саласындағы жетістіктер мен кемшіліктерді тізбеледі. Аймақтармен онлайн байланыс үзілген соң, облыс әкімі Амандық Баталов өз командасымен жиын өткізіп, Үкімет тапсырмаларын талқылады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз