Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар кітапқұмарлардың қатарында. «VIP ZHETYSU» кітапханасына қонақ болып келген ол жақсы кітаптың жанға нағыз азық сыйлайтынын айтты. Әлеуметтік салаға жауапты әкім орынбасары қазіргі таңда Мұхтар Мағауинның «Шыңғыс хан» атты деректі тарихи романнын оқып жүр екен. Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын екінші қайтара оқуға кіріскен. Журналистер үйі ғимаратында орналасқан кітапханадағы кездесуде Жақсылық Омар сүйікті ақын-жазушыларын да атады. Олар қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушысы Оралхан Бөкей, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев. Ал қазіргі ақындардан Қалқаман Саринның поэзиясына ынтық. Әкім орынбасары саясат сахнасында жүргенімен, шығармашылық адамдар жаныма жақын дейді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз