Талдықорғанда «Тілдарын-2018» облыстық олимпиадасы өтті. Елдегі үштұғырлы тіл саясатын қолдау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа өңірлік сайыстың жеңімпаздары қатысты. Барлығы 17 адам. Олар олимпиаданың финалдық бәсекесінде 3 кезең бойынша сынға түсті. Сайыскерлер бірінші турда тапсырылған тақырыптың мазмұнын толық ашуға тырысты. Яғни, өздерінің қазақ тілін қаншалықты дәрежеде білетіндерін көрсетсе, келесі кезеңде ағылшын тілінде эссе жазды. Ал, соңғы турда аудио арқылы тыңдаған шағын мәтінге қолма-қол ілеспе аударма жасады. Қазылар алқасы үміткерлердің жазу сауаттылығы мен сөздердің дұрыс дыбыстауына баса назар аударды. Тіл шеберлігіне қарап баға берді. Олимпиада қорытындысы бойынша, бас жүлдені Кербұлақ ауданынан келген Алтынай Молдағұлова жеңіп алды. Ол енді қазан айында Қарағандыда өтетін республикалық жарыста бақ сынайтын болады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз