Жыл басынан бері Ішкі істер органдарының 36 қызметкері қылмыстық әрекеттерге барған. Осы күнге дейін олардың алтауы жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының облыстық департаменті өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, көбіне 30 жасқа дейінгі азаматтар заңбұзышылыққа жол берген. Сарапшылардың пікірінше, бұл жастар арасында қазір қызметтік өкілеттіліктерін асыра пайдалану деректерінің жиілегенін көрсетеді. Тіпті, кейбірі ардан аттап, өз міндеттерін ұмытып жатады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандары мұндай статистиканы төмендетуге күш салуға кіріскен. Жиі кездесулер ұйымдастырып, кез-келген қылмыс жазасыз қалмайтынын ескертіп келеді. Әрі әріптестерінің қателігін қайталамауға шақырады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз