Талдықорғанда жаңа әлемдік рекорд тіркелді. Нұрлан Жартыбеков 72 сағат бойы үзіліссіз тоқыма тоқып, Қазақстанның рекордтар кітабына екінші мәрте енді. 29 жастағы жігіт үш күн көз ілмей 43 метрлік ұзын мойын орағыш тоқып шықты. Кеше кеште өткен «Jetisu style» облыстық жастар фестивалінде Нұрланға арнайы сертификат табысталды. Қаратал өзені жағалауында ұйымдастырылған шарада көпшілік бұдан өзге қарбыз жеуден сайысты тамашалап, 100 домбырашының өнеріне куә болды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз