ҚР Президенті әкімшілігінің келісімне сәйкес, аудандық депутаттар мақұлдауымен, облыс әкімі өкімімен Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
Ол 1964 жылы туған. Қос жоғары білім бар. Еңбек жолын кәсіптік -техникалық училище мұғалімі, кейін директоры болып бастаған. 2001-2004 жылдарда «Алакөл агро», «Қайыңды» серіктестіктерінің директоры лауазымдарын атқарды. Артынша, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі деңгейіне өсті. 2011-2015 жылдарда Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болды. Соңғы 3 жылда Талдықорған қаласын басқарды. 3 ай бұрын облыс әкімінің кеңесшісі қызметіне ауысты. Амандық Баталов Бағдат Қарасаевтың мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, ұйымдастырушылық қабілеті зор екенін атап өтті. Ал, саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған Қыдыргелді Өміржанұлы Медеуов бүгін құрметті еңбек демалысына шықты. Амандық Ғаббасұлы Алматы облысының 3 ауданында басшылық қызметте болған азаматқа ел атынан алғыс айтты. Ал, Іле аудандық мәслихаты Қыдыргелді Медеуовке Іле ауданының құрметті азаматы атағын берді. Кездесу барысында облыс әкімі Алматы облысының, оның ішінде Іле ауданының бүгінгі беталысы туралы баяндап, жаңа әкім алдына нақты мақсат-міндеттер қойды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз