Қазақстан, Қытай және Англия елдерінің қарым-қатынастары одан әрі нығая түспек. Экономика мен көліктік логистика саласында тығыз байланыс орнатқалы отыр. Осыған байланысты, Қорғас халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығында конференция ұйымдастырылды. Оған Азия мен Еуропа елдерінен келген алып компания өкілдері қатысты. Күн тәртібінде электронды бизнес пен цифрлық жүйеге сай модельдеу мәселелері қаралды.
«Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының дамуы Еуропа мен Азия елдері үшін өте тиімді. Әсіресе экономикалық байланыс орнату арқылы көліктік логистиканы өркендету басты мақсат. Себебі, мұнда ең ірі құрғақ порт орналасқан. Мұндағы темір жол қатынасы арқылы млндаған тонна жүк тасымалданады. Тауар Қытайдан Қазақстанға, одан әрі Жібек жолы арқылы басқа елдерге жөнелтіледі. Сондықтан, конференцияға қатысушылар тиімді ұсыныстарды ортаға салды. Өзара келісім жасасты.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз