Жапония халқын «Джеби» тайфуны әбігерге салып жатыр. Табиғи апаттан 6 адам көз жұмды. Тағы 5 адам жарақат алған. Жойқын дауыл күшейіп, елдің оңтүстік шығысынан солтүстігіне қарай бағыт алды. Желдің жылдамдығы секундына — 45 метрге жеткен. Мамандар тайфун елдің барлық аумағынан өтуі мүмкін деп болжап отыр. Осыған байланысты қазір елдегі 380 мың тұрғын қауіпсіз аймаққа көшіріле бастады. Сонымен қатар, әуе рейстері мен темір жол жұмысы тоқтатылды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз