Калифорнияда орманды тілсіз жау шарпыды. Мамандар мәліметінше қызыл жалын өршіп, Мексика мен Канада шекарасында орналасқан үш штаттың тас жолына жақындап қалған. Аумағы 2,5 мың гектарға жеткен. Оны өшіруге 600 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Құтқарушылар орман маңындағы елді-мекен тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіріп жатыр. Бұдан бөлек, автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. Өрт сөндірушілер қазір тілсіз жаудың қайдан шыққанын анықтап, шығын көлемін есептеп жатыр.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз