Күзгі әскерге шақыру науқаны таяды. Биыл Алматы облысы бойынша әскери борышын өтеуге 1859 бозбала аттануы тиіс. Қазір тиісті дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, бұл мақсатқа 2018 жылы облыстық бюджеттен 80 млн теңге бөлініпті. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен салалық нұсқаулық-әдістемелік кеңесте айтылды. Жиында Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы
Талғат Дәулетханов өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралады. Ақпарынша, Қорғаныс министрлігінің арнайы сараптамасы шығыпты. Көктемгі әскерге шақыру қорытындысы жағынан Алматы облысы алдыңғы орында. Баяндамашы Алакөл, Қарасай, Еңбекшіқазақ,Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласы бойынша сандық және сапалық құрам талап үдесінде болғанын айтты. Ал, Ақсу, Балқаш, Ескелді аудандары жоспарды орындай алмаған. Осыған орай, басқосуда күзгі шақырылымды жоғары деңгейде аса жауапкершілікпен ұйымдастыру жолдары талқыланды. Айта кетелік, биыл әскерге 1992-2000 жылдар аралығында туған, жасы 18 бен 27 аралығындағы жастар шақырылады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз