Мемлекеттік қызметкерлер енді басшыларынан да көп жалақы алуы мүмкін. 1-ші қаңтардан бастап, салаға еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек.Осылайша, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган мамандарының жалақы айырмашылығы біршама қысқармақ. Мәселен, министрліктегі бас маман 210 мың теңге алса, аудандық әкімдіктегі бас маманға 90-100 мың теңге көлемінде айлық төленеді. Ал, факторлық-баллдық шкала енгізілуімен, соңғысының ақшасы 2 есеге артпақ. Тіпті, ең төменгі еңбекақы көлемі де біршама көтерілмек. Сонымен қатар, мемлекеттік мереке сайын қосымша үстемақы қосылады. Бірақ, бұл тынбай жұмыс істеп, өз міндетіне жауапкершілікпен қарағандарға ғана беріледі. Яғни, брифингте айтылғанындай, үстемақы жалақының 10-нан 30 пайызға дейінгі көлемінде белгіленбек. Бір айта кетері, ол тек атқарушы құрамға қарастырылған. Мекеме басшылар мен орынбасарлары бұл тізімге енбейді. Тағы сондай-ақ, алға қойған міндеттерін мүлтіксіз орындағандарға бонус беріледі.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз