Философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабек І.Жансүгіров атындағы ЖМУ- нің студент жастарына өз жеке қорынан 150 кітап сыйға тартты.
Белгілі ғалым саналы ғұмырының 50 жылын жоғарғы білім саласына арнаған. Оның ішінде 1995-1998 жылдар аралығында аталған білім шаңырағының ректоры қызметін атқарған. Аманжол Қасабекұлының жеке кітапханасында 700-ге жуық кітап бар көрінеді. Сұрыптай келе, университетке білім қуған жастарға ең керекті деген, бүгінгі таңда кітап дүкендерінде кездесе бермейтін аса сирек, әрі бағалыларын іріктепті. Негізінен, философия ілімін зерттеген атақты ғалымдар еңбектерінің түпнұсқалары,- дейді оқымысты. Аталған бастамаға ұйытқы болған университет ректорының инновациялық жұмыс және стратегиялық даму бойынша проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Пеэтер Ярвелайд екен. Пеэтер Мартович — эстон құқықтанушысы, белгілі тарихшы. Эстония теңіз академиясының ректоры лауазымын атқарған. Бүгінде халықаралық іс-тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында ЖМУ-де қызмет атқарып жүр. Эстондық профессор игі бастама көтеріп қана қойған жоқ. Өзі бастап, кітапханаға 100 кітап өткізді. Ғалым бұл акцияны Эстония тәуелсіздігінің 100 жылдығына арнапты. Таллиндік ғалым достарына бұл идеясының ұнағаны сонша, Талдықорғанға жөнелтуге 1000 кітап жинапты. қазір жеткізу жолдарын ойластырып жатырмыз, -дейді ұйымдастырушы. «Мен де қуана құптай кеттім,»- дейді Аманжол Қасабекұлы.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз