Алматы облысындағы 700 ден астам мектепте ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды. Республикалық шараға осы жолы 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналары шақыртылды. Бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясының дәстүрлі жиналыстан артықшылығы көп. Мұнда түрлі тақырыптар қамтылып, баланы дұрыс тәрбиелеудің жолдары айтылады.  Мамандар пайдалы кеңестерді беріп, кейбір қиын мәселелерде тығырықтан шығудың тәсілдерімен бөліседі. Талдықорғандағы №28 айти мектеп-лицейінде өткен басқосуда да талай мәселе талқыланды. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер деген. Қазір көп ата-ана жұмысбастылықпен бұрымдысы мен тұлымдысының мектептегі өмірінен бейхабар. Жақсы киінідіріп, қалағанын алып бергенімен сырласып, арман-мақсаты туралы сұрауға уақыт таба бермейді. Осыдан барып бала жалғызсырайды. Оның соңы жамандыққа әкеп соғуы мүмкін ,-дейді мамандар. Сондықтан әке-шеше, мектеп, ұстаз үнемі тығыз қарым-қатынаста болуы керек. «Өзің балаңа үлгі бол» атты мұндай жиын қоғам тарапынан зор қолдауға ие болған. Бірінші басқосуға ел бойынша 3 млн. 570 мың ата-ана қатысыпты. Шараны Білім және ғылыми министрлігі, Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесе ұйымдастырған.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз