Талдықорған көшелерінен қолдарына гүл ұстаған, жүздері бал-бұл жанған топ -топ ұстаздарды көздеріңіз шалған болар?! Иә, дұрыс топшыладыңыздар! Бүгін олардың кәсіби мерекелері салтанатты түрде аталып өтті. Облыс орталығына аудан-қалалардан сала озықтары шақыртылып, құрмет-қошемет көрсетілді. І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында бас қосқан Жетісулық ұстаздар қауымын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтады. Еңбегі ерек ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерді ел алдында марапаттады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз