Талдықорғанда еліміздің еш өңірінде баламасы жоқ драма театр мен жеті субұрқақ кешені ашылады. Бұлардан бөлек Тәуелсіздік көшесіндегі сквер, облыстық неонатальды балалар хирургиясы, музыка мектебі де ел игілігіне беріледі. Межелі мерзім таяп қалды. Ал нысандар дайын ба? Құрылыс қалай жүріп жатыр? Облыс әкімі Амандық Баталов қазанның алғашқы күні осы нысандарды аралап, жұмыс барасымен танысты.Республикада балалар өлімі жыл санап азайғанымен бүгінде сәбилердің шетінеуі 60 пайызды құрап отыр. Мәселен осы жылдың 9 айында облысымызда 224 бала көз жұмса, соның 149-ы бір айға да толмаған шақалақ екен. Дүниеге енді келген нәрестенің өліміне не себеп? Дәрігерлердің пікірінше туа біткен даму ақаулары. Ал ол олқылықты оңалту үшін сәбиге туа сала күрделі ота жасалуы керек. Осы мақсатта былтыр Талдықорғанда неонатальды балалар хирургиясы ғимаратының іргетасы қаланған. Облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жапсарлай салынған ғимарат құрылысы биыл тамызда аяқталды. Әктеу, сырлау, ішкі жұмыстар жүргізіліп, жабдықталған нысан қолданысқа даяр екен. Алайда бірінші қабаттан-ақ палаталарға кірген облыс әкімі жайсыз кереуеттерді жақтыртпады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз