І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің ұстаздар қауымын төл мерекесімен бүгін білім және ғылым кәсіподағы Талдықорған аумағындағы қызметкерлері құттықтады.Шара барысында жоғары оқу орынында сабақ беретін 30 шақты мұғалімге құрмет көрсетілді. Яғни, ардагер ұстаздардың тәжірибесін жастарға үлгі-өнеге етіп, құрмет грамотасымен марапаттады. Үздіктеріне Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі табыс етілді. Жастарға да бағалы сыйлықтар берілді. Естеріңізге сала кетейік, бұл кәсіподақтың басты мақсаты — мұғалімдердің абыройын көтеріп, құқығын қорғау. Осы ретте, биыл мекемеге білім саласынан 30 арыз-шағым түскен. Оның дені — еңбек құқығына байланысты. Бүгінде аталған мәселеге байланысты тиісті шаралар қолданылып, оң шешімін тапқан.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз