Келер жылы Еркін ауылында жаңа амбулаториялық аурухана салынады. Оған бюджеттен 137 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар мәдениет үйі де бой көтереді. Қазіргі таңда мекеменің жобалау-сметалық құжаттары дайындалып жатыр.Атқарылар жұмыстарды осы ауылдық округтен сайланған қалалық мәслихат депутаты Темірболат Ахажан айтып берді. Халық қалаулысы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектепте жұртшылықпен кездесіп, өткен жылға есеп берді. Былтыр Еркін ауылындағы 4 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфалт төселген. Ал, қазіргі таңда Көктал ауылындағы 3 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз